Қазақстанда қатаң карантин енгізсе, аштық болады – сарапшы
Қазақстанда қатаң карантин енгізсе, аштық болады – сарапшы
© сурет интернеттен алынды
113
оқылды
Қазақстанда қатаң карантин енгізілген жағдайда 160 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз қалады. Екі миллион адамды демалысқа жіберуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі осындай болжам айтса, сарапшылар елімізде қатаң карантин енгізу аштық тудырады деп дабыл қағуда, – деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
«Мен үкімет көктемдегідей қатаң карантин енгізеді деп ойламаймын.  Карантин енгізсе, экономикамыз орны толмас шығынға ұшырайды.  Егер іскерлік белсенділік тоқтатылса, экономика бұған шыдамайды.  Тіпті жекелеген аудандарда халық арасында аштық болуы мүмкін», – дейді экономист Арман Байғанов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда еңбек нарығына мынадай болжам жасады. Оның айтуынша, 2,2 миллион қазақстандыққа материалдық көмек қажет болады.
«Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда шектеу шаралары қолданылса, біздің есептеуімізше  2,2 млн адам көмек мұқтаж болады. Болжам бойынша жұмыс істейтін халықтың жартысы жұмыс режимін сақтай балады, бұл төрт млн адам», — деді Нұрымбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Бұл негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін адамдар деп болжануда.  Сондай-ақ халықтың үштен бірі немесе 2,5 миллион адам қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін.