Ақтаудан Оралға 6999 теңгеге ұшып баруға болады
Ақтаудан Оралға 6999 теңгеге ұшып баруға болады
©Әмір Мұхаметқалин
98
оқылды
FlyArystan 27 қазаннан бастап Ақтау-Орал жаңа әуе рейсін ашады. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Билеттің бағасы 6 999 теңгеден басталады. Рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады. Жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Рейстер Airbus A320 лайнерлерінде орындалады. Ұшу уақыты - 1,5 сағат. 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі саяхат билеттерін авиакомпанияның веб-сайтында немесе мобильді қосымшасында арзан бағаға алуға болады.

– Жаздың басынан бастап біз еліміздің батыс аймағында 12 әуебағытын аштық. Ең танымал бағыттардың қатарынан Ақтау-Орал-Ақтау жаңа маршрутын көргіміз келеді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды рейс деп санауға болады. Каспий маңы мен БҚО-ның басты қаласының тұрғындары бұл қызметті жоғары бағалайтынына сенімдіміз және рейстің бағалары қол жетімді болады, – деп атап өтті FlyArystan директоры Жанар Жайлауова.