Ғалымдар коронавирустан болатын өлім-жітімнің басты себебін атады
Ғалымдар коронавирустан болатын өлім-жітімнің басты себебін атады
© сурет интернеттен алынды
149
оқылды
Рокфеллер университетінің ғалымдары  коронавирустан болатын өлім-жітім мен адам өміріне төнетін қауіп иммундық жүйе жұмысының бұзылуымен байланысты екенін анықтады. Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылған. Зерттеушілердің қорытындысына сәйкес, коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастардың 3,5 пайызында вирустан қорғайтын тұқымында өзгеріс бар екені белгілі болды. Сонымен қатар пациенттердің 10 пайызында иммундық жүйесіне шабуыл жасайтын "ауто-антиденелер" табылған. Бұл ретте олардың көпшілігі ер адамдар (94 пайыз) болып шықты.