Ғалымдар Жермен бірдей планета тапты
Ғалымдар Жермен бірдей планета тапты
© Сурет ғаламтордан
233
оқылды
Америка Құрама Штаттарындағы Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары әр 3 күн сайын өз жұлдызын толық айналып шығатын, көлемі  Жермен бірдей  планета тапты. Бұл жаңалық 2017 жылы басталған  NASA K2 миссиясында қолданылатын "Кеплер" орбиталық телескопының арқасында ашылды. Осы жылдың басында ғалымдар тобы speculoos деп аталатын жердегі телескоптар желісі арқылы жұлдыздар жүйесін бақылауды бастаған. Ол сигналдардың шамамен 3 күнде өз жұлдызының айналып шығатын планетадан келетінін растады. "Жаңа планета K2-315b деп аталды және бұл К2 миссиясы барысында ашылған 315-ші планетарлық жүйе", — деп хабарлайды Массачусетс технологиялық институтының жер, атмосфера және планетарлық ғылымдар департаментінің (EAPS) доценті және сейсенбіде the Astronomical Journal-да жарияланған мақаланың жетекші авторы Прайвал Нираула. Зерттеушілердің пікірінше, K2-315b планетасы Жерге ұқсас және күннің бестен бір бөлігін құрайтын суық, аз массивті жұлдыздың айналасында айналады. Планета осы жұлдыздың айналасында секундына 81 шақырым жылдамдықпен айналады-бұл шамамен 181 мың миль. Доценттің айтуынша, планета өмір сүруге жарамсыз болуы мүмкін. Өйткені оның орбитасы өте тар болғандықтан ол жұлдызға тым жақын. Нәтижесінде планетаның беті Кельвин бойынша 450 градусқа дейін немесе Фаренгейт бойынша 350 градусқа дейін қызады. Бұл температурада бәліш пісіруге болады. "Ол планета кез-келген тіршілік өмір сүруі үшін тым ыстық", — деп қосты ғалым.