Ресей құрамасының шабуылшысы ішімдікке қаншалықты құмар екенін жасырмай жайып салды
Ресей құрамасының шабуылшысы ішімдікке қаншалықты құмар екенін жасырмай жайып салды
168
оқылды

Футболшы осы маусымда 11 кездесуге қатысып, 5 гол соқты

Футболдан Ресей құрамасы мен питерлік «Зениттің» шабуылшысы Артем Дзюба ішімдікке қатысты көзқарасын айтты.

«Сыраны мүлде жақсы көрмеймін. Арақты да, вискиді де ұмытпаймын. Тек Asti Martini деген шампанды ішемін. Бірақ алкоголь десе тіксініп тұрамын. Ешқашан мас болып көрмеппін. Есесіне тәттіні өте қатты жақсы көремін. Тәттіні жақсы көретін адам араққа құмар болмайды екен ғой» дейді футболшы «Рашен Football» YouTube арнасы берген сұхбатында.

Футболшы осы маусым басталғалы 11 кездесуге қатысып, 5 гол соқты. Әзірге оның командасы турнир кестесінің екінші сатысында келе жатыр.