Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты
Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты
© Сурет ғаламтордан
121
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалына шықты. Осы жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 84-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті. Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолина немесе рейтингте 12-сатыдағы Беларусь өкілі Арина Соболенконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.