Магаваға алтын медальді кедейлердің үй жануарларына ветеринариялық көмек көрсететін Британдық PDSA қайырымдылық ұйымы берді. PDSA 1943 жылдан бастап соғыс жағдайында батылдығымен көзге түскен жануарларға, ал 2002 жылдан бастап бейбіт уақытта ерекше ерлік көрсеткен жануарларға марапаттар беріп келеді.
"Камбоджадағы қауіпті миналарды анықтау және залалсыздандыру кезінде ерен еңбегі және мыңдаған адам өмірін құтқарып қалғаны үшін", - деп жазылған Магаваға берілген сертификатта.
Камбоджада мамандардың айтуынша, 1970-1980 жылдардағы азаматтық соғыстан кейін жер бетінде қалған алты миллион Мина әлі күнге дейін көмулі жатыр. Былтырдың өзінде бұл миналарға түсіп 77 адам қайтыс болды. Елдің 40 мыңға жуық тұрғынының аяқ - қолдары кесілген. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
Магава Британдық Сент-Джордж Жануарлар Крестінің аналогы – PDSA медалін алған алғашқы кеміргіш болды. Бұған дейінгі лауреаттардың бәрі иттер болатын.
[caption id="attachment_75084" align="alignnone" width="800"]
Apopo басшысы Кристоф Кокс Пресс Ассосиэйшен агенттігіне берген сұхбатында: "Бұл марапат біз үшін үлкен құрмет. Бірақ бұл Камбоджа тұрғындары үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдегі миналардан зардап шегетін адамдар үшін өте маңызды", - деп атап өтті.Магава Танзанияда туып-өскен. Оның салмағы 1,2 кг және ұзындығы 70 см - ге жетеді. Ол кәдімгі егеуқұйрықтан әлдеқайда үлкен болса да, оның мөлшері мен салмағы жерүсті минасы жарылуы үшін жеңіл. Apopo ұйымы өз бағдарламасының қатысушыларын HeroRATs ("батыр егеуқұйрықтар") деп атайды. Оларға металды емес, жарылғыш заттың ішіндегі химиялық қосылыстарды иіскеуге үйретеді. Бұл дегеніміз, егеуқұйрықтар жәй қоқыстарға мән бермейді. Сондықтан миналарды табу процесі тезірек жүреді. Егеуқұйрық жарылғыш заттарды тапқанда адамдарға хабарлау үшін жер тырнай бастайды. [caption id="attachment_75085" align="alignnone" width="800"]
PDSA ұйымының басшысы Джен МакЛохлин: "Магаваның жұмысы мина қоршаған алапта тұратын ерлердің, әйелдердің және балалардың өмірін сақтайды және өзгертеді", - деді. "Оның әрбір олжасы жергілікті тұрғындар үшін жарақат алу мен өлім қаупін азайтады".Әскери қақтығыстардан зардап шеккен елдерде оқ-дәрілерді залалсыздандыратын Британдық HALO Trust ұйымының мәліметтері бойынша, Камбоджада 1979 жылдан бастап 1970-1980 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде салынған миналардың жарылыстарынан кейін 64 мың өлім мен 25 мың мүгедектік жағдайы тіркелді. [caption id="attachment_75086" align="alignnone" width="800"]