Зейнетақы қоры сонымен қатар сақтандыру ұйымдарына 31,5 млрд теңге, мұрагерлерге 19,8 млрд теңге, ал жерлеуге 2,4 млрд теңге аударған. Бұл туралы БЗЖҚ баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетерлігі, осы жылдың қыркүйегіне қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотындағы зейнетақы жинағының жалпы көлемі 12,2 триллион теңгеге жетті. Осылайша бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,4 триллион теңгеге пара-пар немесе 13% өсті. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасып, 11,9 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарнасы аударылған, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 процентке жоғары. Ал қор салымшыларының шотына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді, бұл былтырға қарағанда 443,1 млрд теңгеге көп.