Ет қымбаттап барады
Ет қымбаттап барады
177
оқылды

Елімізде негізінен сиыр етінің бағасы өсіп отыр. Оның басты се­бебі – еттің бұл түріне деген сұраныс жоғары. «Әрбір қазақстандық жылына 25 келі сиыр етін жейді, сондай-ақ кісі басына шаққанда жы­лына 6 келі қой етін тұтынады. Бұл мәліметті ­«Қа­зақ­станның ет одағы» бірлестігінің басшысы Мақсұт Бақтыбаев мәлімдеді.

Маманның айтуынша, базардағы ет бағасының көтерілуіне елдегі ет өн­дірісіне кететін шығын әсер етіп отыр. «Фермерлер сатып отырған еттің келісі аз уақытта бірден 1 200 теңгеден 1 400-1 600 теңгеге қымбаттады. Себебі ди­зель отыны бірден үш есеге өсіп, бензин құнынан асып кетті. Малдың жем-шөбін дайындау шаруаларды шығынға ұшыратып отыр. Құрғақшылық, мал ауруларына қарсы екпе салдыру қо­сымша шығын. Бұдан өзге фермердің өз отбасылық шығыны, шаруашылық ұстауға кететін қаржы, елдегі инфляция және басқа да мәселелер айналып келіп ет бағасының қымбаттауына әкелді», – дейді «Қазақстанның ет одағы» бір­лес­тігінің басшысы Мақсұт Бақтыбаев.

Ал еттің бөлшек саудадағы бағасына келсек, фермерлер қойған құнның үстіне базардағы саудагерлер 200-300 теңге және қосады. Осылайша, ішкі нарықтағы баға аспандап шыға келмек.

«Кесте бойынша қарасақ, тамыз айы­нан қарашаға дейін ет бағасы сәл түседі, ал желтоқсан айы туысымен сә­уірге дейін баға түспейді. Себебі күзде мал жайлаудан түседі, фермерлер жап­пай төрт түліктің төлін сата бастайтын кез. Ал қыс түсе мал арықтап, сауда азая­ды да, еттің бағасы көктемге дейін арзандамайды», – дейді М.Бақтыбаев

Дегенмен Ет одағы басшысының айтуынша, алдағы уақытта елімізде етті онлайн-сауда арқылы сату жолға қойылмақ. Сауданың бұл түрі ет ба­ғасына қосымша қосылатын шығын­дарды азайтады деп күтіліп отыр. «Пай­далану шығындарының төмендеуіне байланысты онлайн-платформа на­рықтық құнын 20% төмендетуге дайын. Адамдардың сатып алу қажеттіліктері шектеулі, сондықтан жаңа ойыншы пайда болған кезде бағаның өсуін бәсекелестік деңгейде ұстап тұруға болады», – дейді ол.

Ет өндірісіндегі шығындар туралы фермерлердің де пікірін білдік. «Биыл қолдағы бар малдың қысқы азығына деп 1,5 мың орам шөп түсірдім, әлі 4 мың орамдай шөп керек. Солярка сатып алуға биылдың өзінде 1,5 млн теңгеге шығындалдым. Оның литрін 175 теңгеден аламыз. Осынша шығын шығарған соң, ет бағасы әлі де көтерілсе дейміз. Нарықтағы баға негізінен алыпсатарлардың әрекетінен көтеріледі, пайданы да солар көріп отыр», – дейді «Әділет» шаруа қожалығының иесі Қанат Мәмиев.

Елімізде ет бағасының арзандауы енді қиын шаруа. Себебі ет экспорты Қазақстанның негізгі пайда көзіне ай­налғалы отыр. Ет саудасының тұты­ну­шысы да дайын. Халқының саны көп көршілес Қытай мен Ресей нары­ғының өзі ұқсата білсек, үлкен түсім бермек. Дегенмен ішкі нарықтағы ба­ғаны ұстап тұру үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы екені рас. «Жалпы алғанда, ет орташа сатып алушыға қолжетімді болуы үшін, ха­лықтың әлеуметтік әлсіз топтары зей­нетақылар мен шәкіртақыларды өсіруі ке­рек. Әкімдіктер мен ӘКК-нің әлеу­меттік маңызы бар тауарларды сатып алуға ақшасы бар. Олар ет өндірушілерді алдын ала сатып алып, маусымдық ба­ғаның өсуі кезінде сатуы керек», – дейді «Қазақстан ет одағы» бірлестігінің басшысы Мақсұт Бақтыбаев.