Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі көтерілді
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі көтерілді
«Nur Otan» партиясы Семей қа­лалық филалының төрағасы, қала әкі­мі Е.Салимов дебатқа қатысу­шы­ларға сәттілік тілеп, «Nur Otan» пар­тия­сының партияішілік праймеризі ар­қылы белсенді азаматтар партия қа­тарын толықтыратынын атап өтті. Пікірсайыс барысында үміткерлер Семей қаласындағы қоғамдық көлік­тер­дің, қала ішін абаттандыру, білім, ден­саулық, кәсіпкерлік, жастардың жұ­мысқа орналасуы сынды өзекті мә­селелерді талқылап, оларды шешу жол­дарын ұсынды.
– Семей қаласы бойынша прай­мериз­г­е 118 үміткер тіркелген, оның 30 пайызы – әйелдер, 28,8 пайызы – 35 жас­қа дейінгі жастар. Қала бойынша жас­тардың праймеризге деген бел­сенділіктері жоғары. Үміткерлердің бә­рі де қаламыздың болашағына қа­тыс­ты маңызды мәселелерді өздерінің сай­лауалды бағдарламасының негізі етіп алып отыр, – дейді «Nur Otan» пар­тиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.
Жалпы, Семей қаласында бүгінгі күн­ге дейін үміткерлер арасында ашық пікірсайыс 8 рет ұйымдас­ты­рыл­ды. Оған 40-тан астам үміткер қа­тысып, өзінің сайлауалды бағдар­ла­масымен таныстыруға мүмкіндік ал­ды.  

А.ЖАСАН