Партия проблемаларды шешеді
Партия проблемаларды шешеді
111
оқылды
Сюжет жарияланғаннан кейін кент­ке Казталов аудандық филиалы жа­­нындағы Партиялық бақылау ко­мис­сиясы жіберілді. Тексеріс бары­сын­да аталған ауылда ауызсудың жоғы туралы ауыл тұрғындарының шағымы рас­талды. Сапар қорытындысы бойын­ша, аудан әкімдігіне 15 қыркүйекке дейін ауызсу үшін құдық салу және ауыл маңындағы бөгетті тереңдету ту­ра­лы ұсыныстар берілді.
– Біздің ауылда осы күнге дейін ауызсу үшін 2 құдық болған. Бірақ бұл ауыл тұрғындары үшін жеткіліксіз бол­ды. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Шешілмегендіктен БАҚ-қа жүгінуге тура келді. Жарияланғаннан кейін екінші күні бізге, ауылға аудан­дық филиал мен «Nur Otan» партиясы Каз­талов аудандық филиалы Пар­тия­лық бақылау комиссиясының өкілдері ке­ліп, 15 қыркүйекте аудандық әкім­дік­ке ауылдағы құдық мәселесін шешуге ұсыныс берді. Нәтижесінде, ауыл­да жаңа құдық қазылып, ауыл маңын­дағы өзеннің тереңдеуі туралы қо­сымша мәселе шешімін тапты, – дей­ді Аққурай ауылының әкімі Досжан Ахметов.
Бүгінде парткомиссияның ұсы­ныстары орындалды. Қазіргі уақытта Аққурай ауылында 3 құдық жұмыс істейді. Бөгетті тереңдету жұмыстарына 2 млн 880 мың теңге бөлінді. Бөгетті те­реңдету қараша айында аяқталады.  

Әбілмансұр ЖАСАН