Сюжет жарияланғаннан кейін кентке Казталов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы жіберілді. Тексеріс барысында аталған ауылда ауызсудың жоғы туралы ауыл тұрғындарының шағымы расталды. Сапар қорытындысы бойынша, аудан әкімдігіне 15 қыркүйекке дейін ауызсу үшін құдық салу және ауыл маңындағы бөгетті тереңдету туралы ұсыныстар берілді.
– Біздің ауылда осы күнге дейін ауызсу үшін 2 құдық болған. Бірақ бұл ауыл тұрғындары үшін жеткіліксіз болды. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Шешілмегендіктен БАҚ-қа жүгінуге тура келді. Жарияланғаннан кейін екінші күні бізге, ауылға аудандық филиал мен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері келіп, 15 қыркүйекте аудандық әкімдікке ауылдағы құдық мәселесін шешуге ұсыныс берді. Нәтижесінде, ауылда жаңа құдық қазылып, ауыл маңындағы өзеннің тереңдеуі туралы қосымша мәселе шешімін тапты, – дейді Аққурай ауылының әкімі Досжан Ахметов.Бүгінде парткомиссияның ұсыныстары орындалды. Қазіргі уақытта Аққурай ауылында 3 құдық жұмыс істейді. Бөгетті тереңдету жұмыстарына 2 млн 880 мың теңге бөлінді. Бөгетті тереңдету қараша айында аяқталады.
Әбілмансұр ЖАСАН