Алатау бөктері жаңалыққа толы
Алатау бөктері жаңалыққа толы
139
оқылды
Мемлекет басшысына қала­да­ғы медициналық-демог­ра­фия­лық ахуал және COVID-19 ін­де­тіне қарсы күресу үшін қа­был­дан­­ған ша­ралар, сондай-ақ ме­ди­ци­на­лық жедел жәрдем қызметінің жұ­мысы жөнінде баян­далды. Қ.Тоқаев медицина қы­з­меткер­лері­мен әң­гімелесу барысында ұлт­тық ден­сау­лық сақтау саласын одан әрі да­мыту, медициналық ме­ке­ме­лерді қажетті құрыл­ғылар­мен жаб­дық­тау, төсек-орынды және инф­ра­құрылымды жаңарту, сон­дай-ақ дәрігерлердің еңбе­ка­қы­сын арт­тыру мәселесіне тоқ­тал­ды.
– 2023 жылға қарай медицина қыз­­меткерлерінің еңбекақысын бү­кіл экономикадағы орташа жа­­ла­қыдан екі есе жоғары дең­гейге жет­кізу міндеті қойылып отыр. Ме­­дициналық-санитар­лық ал­ғаш­қы көмек беру ісін да­мытуға ба­са мән беріледі. Өкі­ніш­ке қа­рай, біз бұл салаға уақытында на­зар аудармадық. Эпидемия мұн­дай көзқарастың қате екенін көр­сетті. Қазір жібер­ген қате­лік­тер­ге көңіл бөліп, олар­ды тү­зетуі­міз керек. Әрине, ме­ди­цина әр­дайым басты назарымызда бо­ла­ды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Ол  коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайын болудың маңызды екенін атап өтті. Сон­дай-ақ азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін бар­лық ресурсты жұмылдыру қа­же­тін айтты.
– Бүкіл әлемдегі жағдай күр­делі. Еуропа мен Американы ко­ронавирустың екінші толқыны ба­сып жатыр. Осындай жағдайда біз қырағылық танытып, дайын отыруымыз қажет. Пандемияның бірінші толқынынан жақсы са­бақ ал­дық. Бұл тәжірибенің пай­да­сы бо­лады. Сөзсіз, қиын бол­ды, қа­те­ліктер жіберілді, Ден­сау­лық сақ­тау министрлігі тара­пынан да ағат­тықтар кетті. Қа­те­лік­терді жұ­мыс барысында жөн­деуге тура кел­ді. Дегенмен тіпті ауыр болса да кез келген тәжіри­бе­нің пай­да­сы бар.  Сондықтан екін­ші тол­қын­ға дайын болайық! Бүкіл дү­ние­жүзімен, халық­ара­лық қоғам­дас­тықпен бірге бар­лық қиын­дық­ты лайықты түрде еңсеруге тиіс­піз, – деді Прези­дент.
Кездесу соңында Мемлекет бас­­­шысы пандемияға қарсы кү­рес­­тің күрделі жағдайында ат­қар­ған қажырлы еңбектері үшін дә­рі­герлерге ризашылық біл­дір­ді. Қ.Тоқаев Алматының ин­дустрия­лық аймағында орналас­қан «КСМ Техновид» ЖШС-ның энергия үнемдейтін, сәу­лет­ті қас­­беттер зауытының жұмы­сы­мен та­­нысты. Президентке кәсіп­­орын­­ның өнімдері таныс­тыры­лып, құрылыс материал­дары өн­дірісінің технологиялық про­цесі паш етілді. Мұнда 250-ден ас­там адам жұмыс істейді. Ком­­па­нияның жобаға салған жеке ин­вестициясы 3,8 миллиард тең­­гені құрайды. Зауыттың қуат­ты­лы­ғы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға же­теді. Tokaev Мемлекет басшысы Республи­ка алаңындағы қайта жөндеуден өткен «Алмалы» демалыс аума­ғына барды. Жаңартылған аумақ бірне­ше бөлікке – балаларға және мә­дени ойын-сауыққа арналған ай­мақ­тарға бөлінген. Онда қазақ су­рет­шілері салған мүсіндер қойы­лып, ауқымды көгалдандыру жұ­мы­сы жүргізілген. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл көлік шығаратын қазақстандық Hyundai Trans Kazakhstan зауы­ты­ның іске қосылуға дайынды­ғын тек­серді. Президент автома­ши­­на­­ларды құрастыру процесі­мен таны­сып, 2020 жылғы 15 қа­­занда ашы­лады деп жоспар­лан­ған ұсақ­торап­ты құрастыру әді­сімен авто­мо­биль­дер шы­ғару­ға арналған жаңа цехты аралап көр­ді. Кәсіпо­рын пайда­лануға беріл­геннен кейін І кезеңде жы­лына 30 мың, ІІ кезеңде 45 мың­ға дейін машина жасауға қа­бі­летті болады. Мемлекет басшысы нысан­ды ара­лап көргеннен кейін ин­дус­т­рия­лық аймақ резидент­те­рі­­мен же­ке кәсіпкерлікті қол­­­дау және кә­сіпорынның ба­­­сым салаларын да­мыту мә­се­ле­лерін талқыла­ды.
– Мен өз Жолдауымда еліміз­де­­гі кәсіпкерлікті дамытуға ерек­ше мән бердім. Әсіресе, бизнес­тің дамуына мем­­лекет­тік орган­дар тарапынан келтірілетін кез кел­ген кедергі елімізге қарсы жа­­­салған қылмыс ре­тінде қара­ла­ты­нына арнайы тоқ­талдым. Яғни, басқаша айт­қанда Үкімет, жергі­лік­ті атқару­шы органдар кә­сіпкер­лік­ті да­мы­туға жан-жақ­ты қолдау көр­сету­ге тиіс, – деді Президент.
Бұл – экономикалық сая­сат­тың не­гізгі бағыты болады.
– Нарықты монополистерден тазалау керек. Барлық лайықты кәсіпкердің біздің нарыққа еніп, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажет. Сонда ғана эконо­ми­ка еркін дами алады. Мұның бәрі жаңа ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететіні сөзсіз. Бұл шаралар тиімді бо­ла­ды деп үміттенемін, – деді ол.
Қ.Тоқаев көпфункционалды  SEN музыкалық орталығында да болды.  

Айхан ШӘРІП