Қарашығанақ қарышты дамуда

Қарашығанақ қарышты дамуда

COVID-19 пандемиясына бай­ланысты жағдай компания қыз­метшілері, мердігерлер, ҚПО бас­шылары мен өңірдің бірлескен күш-жігерімен ғана шешілуі мүм­кін. Өкілетті органдармен ай­мақтық және республикалық дең­гейде қалыптасқан серіктестік қа­рым-қатынастар осы дағдарысты ең­серуде негізгі рөл атқаратын бо­лады. ҚПО компаниясы COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Қазақстан саясаты мен ДДҰ нұсқамаларына толығымен сәйкес келетін же­дел әрекет ету жоспары мен стра­тегиясын әзірледі. Негізгі құ­раушылары ҚПО қызметкерлері мен мердігерлер туралы қам­қорлығы, вирустың таралуымен кү­рес және тәуекелдерді басқару. ҚПО жергілікті қауымдастыққа көмектесу үшін жергілікті және ай­мақтық денсаулық сақтау ме­кемелеріне үш миллиардтан астам теңгеге медицина құралдарын та­быстады, бұл сөзсіз, COVID-19 -дың ал­дын алу және емдеу жөніндегі күш-жігерді қолдаудан байқалады. Батыс Қазақстан облысының ау­руханаларына өк­пені жасанды желдету, жеке қорғану құралдары, тепловизор камералары, ПТР тал­дауы мен тест-жүйелері, COVID-19-ды  жыл­дам тестілеуге арналған жи­нақтар, кереует жанындағы мо­ниторлар, электрокардиография аппарат­тары, шприц сорғыштары, зерт­хана тестері, инфекциялық ба­қылау құралдары, сондай-ақ екі же­дел жәрдем көліктерін қосқанда қар­қынды терапияға арналған за­манауи құрал-жабдықтар жет­кізілді. ҚПО  Biz Birgemiz жалпы­ұлттық науқанына белсенді түрде атсалысып,  қайырымдылық үшін едәуір қаражат аударды. Сонымен қатар консорциум бекітілген жылдық жұмыс бағдар­ламасы мен 2020 жыл бюджетіне сәйкес сұйық көмірсутектері мен газ өндіру жөніндегі барлық мін­деттемелерін орындап келеді. KGDBN және 4IC секілді өндірісті кеңейту жобалары жүзеге асырылу кезеңінде: KGDBN қазіргі кезде 90%-дан астам, 4ICP -60% дерлік аяқ­талды. Команданың жүйелі жұмысы, қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары нәтижелерге үнемі қол­жеткізуге ұмтылудың арқасында, ҚПО орасан зор жасампаздық әлеуетке ие болып отыр. Компания еңбекті қорғау, қауіпсіздік тех­никасы және қоршаған ортаны қор­ғау саласында ең жоғары көр­­сеткіштерді қамтамасыз ету жө­ніндегі міндеттерге, сондай-ақ Қара­шығанақ өнімінің эко­номика­лық тиімділігін ұл­ғайтуға басты назарын аударуда. Кен орны экологияның аса жоғары стандарттарын сақтау ар­­қылы игерілуде. Алдында бекітіл­ген жоспар бойынша, таби­ғатты пайдалану қауіпсіздігінің барлық шарттарын сақтай отырып, қыс­қа­мерзімді шаралармен қатар ұзақмерзімді жоспарлар да орын­далып отыр. Қоршаған ортаға шығарындыларды мониторингтеу атмосфера шығарындысын, қал­дықтарды сақтау және өңдеуді бақылаумен қоса, сондай-ақ ауаны, топырақты, жер беті және ағын суларды мониторингтеу тұрақты ре­жимде және толық көлемде жал­ғасын табуда. Кен орнына жақын орналасқан санитарлық-қорғау аумағы мен елді мекендердегі ауа сапасы айрықша бақылауда. Бақылау өлшемдерін экологиялық мониторинг ста­ционар стансаларындағы аккредит­телген зертханалары жасайды. Сына­маларды іріктеу және оларды тал­дау тәулік бойы жүргізіледі. Энер­гия ресурстарын тиімді пай­далану аудиті және оларды одан әрі тиімді қолдану үшін жаңа мүм­кіндіктер іздестіру жұмысы ба­рын­ша қызу жүруде. Энергия ре­сурстарын пайдалану және парник газдарын кәдеге жарату жөніндегі ұзақмерзімді жоспары ауқымды жобасын іске асырудың келесі кезеңі белгіленіп отыр. Сонымен бірге ҚПО бөлімдер қызметінің барлық саласындағы, соның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы сандық жүйеге көшіру және инновациялық процестерді белгіленген мерзімнен бұрын енгізіп отырғанын атап өткен жөн.Осылайша, ArsGis бағдар­ламалық қамтылымы кеңінен пай­даланылуда.Бұл кеңістіктік-үйлес­тіру деректерін жинау, ор­та­лықтандырып сақтау, өңдеу және көрсетуді қамтамасыз ететін гео­графиялық ақпарат жүйесі. ГАЖ-жүйесі деректерді түгендеу, талдау, бағалау және болжау, сондай-ақ өндірістік процестер мен қоршаған ортаның жағдайын басқару кезіндегі маңызды мін­деттерді шешуге арналған. Цифрлы технология­лар рет­­роспективті бағалау үшін, ор­ман-мелиорация жұмыстарын тиімді моделдеу үшін септігін тигізіп, экологиялық мониторинг стансаларын орналастырудың барынша дәл нүктелерін таңдау үшін кен орны мен оның әсер ету аумағында табысты пайдаланылуда. ГАЖ-технологияларын кеңінен таныту үшін арнайы білімі мен дағдылары жоқ пайдаланушыларға қолжетімді GoGIS веб-порталы әзірленіп енгізілді. Яғни, енді кен орнының табиғатқа экологиялық әсері туралы ақпарат осы мәселе қы­зықтыратындар үшін ашық әрі қолжетімді. Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағдарламасы жүйелі әрі жоспарлы түрде іске асуда. 2020 жылдың мамырында Жан­ғала ауылында спорттық-сауық­тыру орталығы пайдалануға бе­ріл­ді. Маусым айында ҚПО №7 қалалық емханадағы күрделі жөн­­деу жұмыстарын аяқтады.Та­мызда Орал автомобиль қаты­нас­тары үшін стратегиялық маңыз­ды объект – мұнай базасы ау­данындағы көпірді қалпына кел­тіру жұмысы аяқталды. Оқу жылы қарсаңында Орал қаласында жаңа мектеп ашылды. Бұл ҚПО кон­сорциумының Батыс Қазақстан об­лысының денсаулық сақтау, көлік ин­фрақұрылымына, білім, спорт және мәдениетке басты назар ау­­даратын ұзақмерзімді дамыту жос­­парына бейілдігін растайтын  соңғы мысалдар. ҚПО Қазақстанның мұнай-газ секторындағы және жергілікті қамтуды арттыру тұрғысынан да жетекші компаниялардың бірі бо­лып қала береді. Биылғы  бі­рінші жартыжылдық қо­рытын­дысы бойынша ҚПО тауар, жұмыс пен қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарында жергілікті қамту үлесі 60%-ға  жетті. Қазақстандық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқы­ту компанияның басты басымдық­тарының қатарына кіреді. Қа­зір­гі кезде Қазақстан қызметкерлері кә­­сіби және білікті жұмысшы ка­др­ларының жалпы санының 96% және басшы лауазымдардағы қызметшілердің 81%-ын құрайды. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Қазақ­станның стра­тегиялық мүд­десі бар ҚПО бизнес-мақсаттар мен корпоративтік құн­дылықтарды шоғырландыру мақсатында өкіл­етті органдар, жергілікті ат­қарушы органдар, салалық серік­тестер мен бас­қа да мүдделі та­рап­тармен ты­ғыз әріп­тестік бай­­ланысын жалғас­тыруда.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ