Бүгін күн ала бұлтты, жауын-шашын болады
Бүгін күн ала бұлтты, жауын-шашын болады
204
оқылды
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады. Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын, тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде қатты желмен бірге шаңды дауыл тұрады. Ал Қызылорда облысының кей жерін 1-3 градусқа дейін күн суытып, үсік жүреді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде де жел болады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кейбір аймақтарына тұман басады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұманмен бірге жел де соғады.