Құқығың қорғалады, тұтынушы!
Құқығың қорғалады, тұтынушы!
126
оқылды
Ойға алған жоспар мынадай: барлық қоғамдық ұйымды біріктіріп, өңірлерде өкілдіктері бар Ұлт­тық тұтынушылар қауымдастығын, үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құру. Сонымен бірге тұтынушылар құқығын қорғау сала­сындағы қо­ғамдық бірлестіктер ми­нистр­лік­тер мен әкімдіктер жанындағы кон­суль­татив­тік-кеңес­ші органдардың құрамына қосылады.
Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік тұтыну­шылар құқығын қорғау жүйесіне 19 орталық, 17 жергілікті атқарушы орган кіреді. Олар квазимемлекеттік сектор субъек­тілерімен бірлесе отырып, же­ке тұлғаларға білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, тұрғын үй шаруа­шылығы, байла­ныс салалары бойын­ша жалпы саны 574 қызмет түрін көрсетеді екен. «Сөйте тұра, қаты­сушылардың ешбірі тұтыну­шының мүддесіне басты назар салмайды. Тұтыну­шылар құқығын қорғауға келгенде деңгейді төмен болатыны, ста­тистиканың бұрмала­натыны, жі­бер­ген қатенің үстінен жасалған жұ­мыстың әлсіз жүретіні осыған байла­нысты», – дейді Бақыт Сұл­танов. «Бизнес иелері тауары мен қыз­меті сапасын тұтынушылар үшін арттыруға ынталандыратын шаралар атқару керек. Сол мақ­­­сатта халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағыт­талған ақпа­­раттық-түсіндіру жұмыс­­­­­тарын жүргізуді тапсырамын. Соны­мен қатар 1 қарашаға дейін тұтыну­­­шылар құқығын қорғайтын то­­­­лық­­қанды жүйе құруға арнаған шаралар жоспарын жасап, енгізу қажет» деген еді Асқар Мамин.
«Әділет» тұтынушылардың құ­қы­­ғын қорғау жөніндегі қоғам­­­­дық бір­лестік төрағасының орын­басары Тұрсын Жағыпарова қауым­дастық құрылған соң тұ­тынушылар мәселесі тезірек ше­шіледі деген пікірде.
Байқоңыр аудандық сотының судьясы Ануар Дәурешов заңға енгізілген өзгерістердің тұтыну­шы­лар мүддесін қорғауға көбірек бағыт­талғанын айтып отыр. «Пре­зидент осы жылдың 25 маусы­мында аталған заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізген бола­тын. Олар тұтыну­шылардың құ­қық­тары мен мүдде­лерін қор­ғауға ба­ғыт­талған. Осыған байланысты тұты­нушы­лардың ша­ғымдары үш сатыда қара­лып, тек­серілетін бо­лады. Олар ерікті не­гізде тұ­тыну­шылардың қоғам­дық бірлес­тіктеріне бірігуге құқылы. Тұ­ты­ну­шылардың құқығы мен заңды мүд­делерін қорғауды тұтынушы қоғам­дық бірлестіктері қауым­дас­тықтары да қамтамасыз ете­ді», – дейді судья. Тұрсын Баткенқызының ай­­­туынша, осы кезге дейін тұты­ну­шылар құқығын қорғау туралы заң «азусыз» боп келген. «Неге десеңіз, заң болғанымен, оны қолдайтын кодекс құралы жоқ еді. Ал бүгінде Әкімшілік құқық­­бұзушылық тура­лы кодекс бар. Соған сәйкес, кәсіп­кер тұты­нушы арызын қабыл­дамаса не­месе мәселесі заң бойын­ша ше­шілмесе 50 АЕК көлемінде айып­пұл салынуы керек. Бірақ бізде кө­біне кәсіпкерді қолдап ке­теді. Ал енді қауым­дастықтың мақ­саты заң­дар­ды дұрыс қолдана оты­рып, тұты­ну­шы құқығын қор­ғау болуы керек», – дейді Жағы­парова.
Жоғарғы сот мәліметтеріне сәй­кес, осы жылдың сегіз айында сот­тың қарауына 677 талап түскен. Яғни, бұлар – тұтынушылар құқы­ғын қорғауға қатысты ша­ғымдар. Соның ішінде 385-і қара­лып, 306-сы талап­кердің пайда­сына ше­шілген. 94 өтініш соңы бітімге келу­мен аяқ­талған. Соны­мен қатар алғашқы жарты­жылдық қоры­тын­дысы бойын­ша, Тұтыну­шылар құқығын қорғау коми­теті мен ай­мақ­тық департа­менттеріне 5 682 шағым келіп түскен. Оның ішінде бөлшек сауда сала­сында – 1 637, әуе тасымалы – 1 568, көлік қызметі – 597, тұрғын үй шаруа­шылығы – 350, тұрмыстық қызмет көрсету – 318, туристік қызмет – 275, электронды сауда – 156, қаржылық қызмет – 78, қоғамдық тамақтану – 58, меди­циналық қызмет – 48, байланыс – 45, басқа салалар бойын­ша 552 өтініш жол­данған. Бұл бағыттағы соңғы шулы мә­се­­лелердің бірі – Bek Air компа­ниясы тұтынушылары айнала­сын­­дағы дау. Билет ақша­сын қайтаруды сұраған олар ұжымдық талап жол­даған. Нәти­жесінде, мыңға жуық талап­кердің талабы оң шешілді. Жалпы алғанда, 2020 жылдың алты айында 85 миллион теңгеден астам сома көлемінде қаражат қай­та­рыл­ған.  

Жадыра АҚҚАЙЫР