Ұстаздар қуанған күн
Ұстаздар қуанған күн
5,208
оқылды

Шымкент қаласындағы «Мәр­төбе» жалпы орта мек­­тебінде мұғалімдер кү­ні­не орай мерекелік шара болып өтті.

Салтанатты жиынға Nur Otan пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Б.Нарымбетов ар­найы келіп, ұстаздар қауымын кә­сіби мерекесімен құттықтады.

– Балаларымызды білім нә­рі­мен сусындатып, тәрбие бе­ріп отырған ұстаздардың орны ерекше. Мұғалім мамандығын таңдау үлкен жауапкершілік жүк­тейді. Баланың көкірегін, бұ­лақтың көзін ашып, оларға ата-аналарымен бірігіп жұмыс істеу арқылы дұрыс тәрбие беру кез келген жанның қолы­нан келе бермейді. Жалпы, бар­­лық саладағы мейлі ол ға­рыш­кер, мейлі шопан немесе жүргізуші болсын, сіздердің қол­дарыңыздан шықты. Тіпті, өз саласының білгір маманы атан­ған ғалымның да, дәрігердің де кез келген жетістігі – ол сіз­­дердің арқаларыңызда! Сон­дық­тан ұстаздардың алдында әрқашан басымызды иеміз, кә­сіби мерекелеріңізбен! – деді Бахадыр Мәделіұлы.

Салтанатты шарада осы ау­мақ­та орналасқан №27, 91, 102 және №114 жалпы орта мектеп­терінің белсенді, жаңашыл жә­не қажырлы еңбегімен көзге тү­сіп жүрген ұстаздар қауымы мен ардагерлеріне алғысхаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Одан соң сөз алған партия бел­сендісі, Қаратау аудандық Nur Otan партиясы бақылау ко­мис­сиясының мүшесі, Мәртөбе ауыл орамының басшысы, №27 «Мәртөбе» жалпы орта бі­лім беретін мектебі жанынан құ­рылған Қамқоршылық кеңе­сінің төрағасы Оразәлі Кен­жебеков мұғалімдерді төл ме­рекесімен құттықтап, қам­қор­шылық кеңесі атқарған жұ­мыстарға тоқталды. Қам­қор­шылық кеңесі Жеңіс кү­ні қарсаңында Ұлы Отан соғы­сы­ның ардагері полковник Яков­ленкоге мүгедек арбасын беріп, халықтың әлеуметтік жағ­дайын көтеру мақсатында әр ауылдың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына кө­мек көрсетіп келеді. Сондай-ақ биыл үйде отырып жұмыс бастаған көпбалалы аналарға 30 тігін машинасы мен нан пісіретін пештер табыс еткен. Ал­дағы күндері дәл осындай кө­мекпен 100 адамды қамтуды көз­деп отыр. Ал №114 мек­теп­­тің үздік оқушыларын ын­та­лан­дыру мақсатында 5 велосипед берілген.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы