Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«СЭС» қашанғы сес көрсетеді?

«Ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің?» дейді қазақ даналығы. Шынында, бүгінде қара халықтың қамын ойлайды деген  кейбір мекемелер қара басының күнін күйттеп кеткенін көріп жағаңды ұстайсың. Оларға жер­гілікті биліктің де тісі бата бермейтін көрінеді кей кезде. «Қайдан құлақ, қайдан табақ шығарсам да өз еркім» деп өктемдік көрсеткен мұндай  «күштілердің» тірлігін көріп, бұлай демеске басқа амалың жоқ.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 26, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
SES
120
қаралым

Біздің сөз етіп отырған ме­кеме – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша де­партаменті. Бұрынғыша айтсақ, СЭС-тің сесінен бәрі сескеніп отырғандай.

Жалпы, журналистер қауымы аталған мекеменің жұмысымен коронавирус пандемиясы бас­талғаннан кейін жақсы таныс. Оған дейін атауы мен басшысы сан мәрте ауысқан департаментке тілшілердің жолы көп түсе бер­мейтін. Алайда әлемдік пан­демияның алғашқы айында БАҚ өкілдері бірауыз ақпарат алу үшін мекеменің есігін күзетіп, те­резесіне телмірумен болды. Бас­шысына шықсаң, баспасөз қыз­метіне сілтейді, баспасөз қыз­меті  қолында қажетті ақпарат бол­мағандықтан ол да үндемейді. Соңы «ақпаратты облыстық ден­саулық сақтау басқармасынан алың­дар» деп, басқа жаққа жол сілтейді. Ал денсаулық сақ­тау басқармасына жүгінсең, бұл мекеменің  құзыретіне кір­мейтінін айтып, олар шыж-быж бо­ла­ды. Қойшы, әйтеуір екі ме­кеменің арасында жүгіріп ен­тіккен   журналист соңында об­лыс әкімдігіне жүгініп немесе өңір­лік коммуникациялар қыз­метінің    брифингін күтіп, бір ақпарат алып жүрді. Бұл мәселені жер­гілікті журналистер  сан мәр­те көтергенімен, ол мекемеге еш­кімнің тісі батпады.

Осыдан бірер ай бұрын «Жам­был–Тараз» қалалық басылым­ның басшысы, мәслихат де­пута­ты  Эльмира Мырза-Ғали «Жас­ұлан и К» дәріханасына ба­ға­ны тексеріп барғандағы он­дағылардың дөрекі әрекетін  ашы­на жазды. Артынша  Жамбыл об­лысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау де­партаменті басшысының орын­басары Мадина Шиналиева дәрі бағасын бақылап жүрген бел­сенділерді  «бездельникке» тең­егені қызу талқыға түсті. Тіп­­ті, бірқатар республикалық ба­сылым бұл мәселені көтеріп, «Nur Otan» партиясы Жамбыл обл­ыстық филиалының партия­лық бақылау комиссиясының отырысында Мадина Шина­лиеваның  әдебін Әдеп кеңесінде қарау мәселесі Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұр­лан Еркебаевқа тапсырылды.

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мектеп құрылысы неге мерзімінде бітпейді?

Бәсекеге қабілетті отандық тауарлар экспортын дамыту қажет

Міне, осы жайттардың  бар­лығы Жамбыл облысының әкі­мі Бердібек Сапарбаевтың шым­байына тиді ме, әлде шыдамның да шегі бар деді ме, облыс әкім­дігінде аталған департамент бас­шысын сойып салды.

Жалпы, жиын қалыпты жағ­дайда өтіп жатқан. Жауапты ма­мандар коронавирустың бол­­жамды екінші толқынына да­йындық барысын баяндап, жиыл­­ғандар мамыражай күй ке­шіп отырған еді. Кенет кезек  об­лыс бойынша Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау де­партаментінің басшысы Бе­рік Жарқынбековке келгенде ай­мақ басшысы ашуына мін­­ді. Мобильді топтың жұмысын ба­рынша жақсы жа­ғынан көр­сеткісі келген департамент бас­шысының сөзін жоққа шы­ғарып,іс жүзінде жұмыс жүрмей тұрғанын Бер­дібек Машбекұлы нақты дә­лел­дермен әшкерелеп берді. «20-қыркүйекке дейін карантин талаптарын сақтамаған орын­дарға 24 миллион теңгеге жуық айыппұл салдық» деп депар­тамент басшысы барынша ақ­тал­ғанымен, оларға қарасты Та­раз­дағы қалалық мекеменің қыз­­меткерлері қызметінде қал­ғып отырғанын бетке басты. Ал бас­қосуға онлайн байланыс ар­қылы шыққан    қалалық мекеме  бас­­шысының орынбасары соңғы мәр­­те қай жерді, қай уақытта тек­­сергендерін анық айтып бере ал­мады. Бұл сауалға жауап бере ала­ды делінген мекеменің бас­шысы болса, демалысқа шығып кет­кен көрінеді.

Тағы бір сорақысы – об­лыс бо­йынша Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау де­пар­таментінің қалалық басқар­масына жүктелген 86 істің 66-сын олар «біздің міндетімізге жатпайды» деп қала әкімдігіне қайтарып жіберген екен. Мұндай «сен салар да, мен салар…» әре­кет­ті облыс әкімі қатаң сынға алып, басқарманың басынан сипамады.

 – Сіздер ешқандай ақпаратты  бермейсіздер бізге. Мәлімет жоқ. Бұл сіздердің жұмыстарыңыз. Әлде, басқа жақта істейсіздер ме? Департаменттің жұмысы өте нашар. Мәселелеріңізді ми­нистрлікке жеткіземіз, – деп Бер­дібек Машбекұлы тоқетерін айтты.

Міне, «СЭС» пен мобильді топтардың осындай салғырт жұ­мысынан кейін карантин ке­­зінде тойханалар мен сауда  орын­дары еркінсіп кеткен. Атап айтсақ, карантин шараларына қарамастан, Қазыбек би көшесі бойындағы  Bora сауда үйі, Жам­был даңғылындағы Mart Mag­nat, Лермонтов көшесіндегі  «Бей­барыс» сауда орны, Қаратау ша­ғын­ауданындағы «Гаухар» сауда кешені, Қонаев көшесіндегі  Adora me сауда үйі, Әйтеке би көшесіндегі  Mansаrd түнгі клу­бы, Желтоқсан көшесіндегі  «Ақ орда» мейрамханасы, Абай даңғылындағы  Enigma клу­бы, әл-Фараби көшесіндегі «Арал» моншасы ешқандай сақ­тық шараларын сақтамаған. Бұ­ған қоса, қаладағы «Алма-ата», «Гаухартас», «Үміт», «Сәт­ті», «Тараз Холл» сынды  мейрам­ханалар да  карантин талаптарын бұзып, той-томалақты тоқтат­паған. Т.Рысқұлов, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мер­кі, Мойынқұм және  Та­лас аудандары  карантинді көз­ге ілмеген.  Облыс әкімі  Insta­gram әлеуметтік желісінде  жа­рия­ланған  карантинде той той­лап жүргендердің суреттерін слайд арқылы көрсетіп, жаза басқандардың ақталуына еш мұрсат бермеді.

 –  Әкімдіктегі қызметкерлер күні кеше ғана «Інжу-Мар­жан», «Грант Шырын» мейрам­ханаларына телефон шалып, той жасауға тапсырыс беру жө­нін­де сөйлессе, олар қазан айы­на дейін мейрамханада орын жоқ екенін айтып отыр. Бар­лығында той өтіп жатыр. Ал той өткізуге біз рұқсат берген жоқ­пыз. Міне, сіздерге дерек ке­рек болса. Осыны қадағалап отыр­ған жоқсыздар. Маусым айын­да не болғанын ұмытпайық. Ка­рантин талаптарын бақылауға басымдық беріңіздер. Ауылдарда ақсақалдармен сөйлесіп, көп­шілік шараларға тыйым салу қа­жет, –  деді аймақ басшысы.

Жиында Бердібек Маш­бекұлы дәрі-дәрмек мәселесіне де мән беріп, бірқатар сын-ес­кертпе айтты.

– «Садыхан» дәріханасында қарапайым аспирин  жоқ. Дәрі­ханаларда қазірден дәрі болмаса, ертең екінші толқын басталғанда не істейміз? Жағдайды қатаң бақылауға алыңыздар.

Қажетті дәрілерді қадаға­лау  – «СҚ-Фармация» ЖШС-нің  негізгі міндеті. Тіпті, 2021 жылға осы бастан дәріге тап­сырыс берулеріңіз керек. Қа­жетті дәрілерді зерделеу үшін тік­елей денсаулық сақтау бас­қармасымен байланысып жұмыс істеңіздер. Келесі жылы биылғы кемшіліктерді қайталамауға тиіс­сіздер.

Әсет Әскербекұлы, сіздердің жұмыстарыңыз таңертең ауру­хана мен  дәріханалардан бас­талуы қажет. Мобильді топтар да басқармамен бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Жақында тағы же­дел жәрдем көліктері келеді. Мойын­құмда науқастанып қал­ған адам не себепті Тараздағы жедел жәрдемнің орталығынан рұқсат сұрап, уақыт жоғалтуы ке­рек? Бұл жақтан хабар жеткенше, ол науқас өмірден озып кетсе қайтесіздер. Олай болмайды. Ау­дандағы жедел жәрдем қызметі сол ауданның бас дәрігеріне қарауы тиіс, – деп, «СҚ-Фар­ма­ция» ЖШС-нің облыс бойын­ша уәкілі Айжан Тортаева мен денсаулық басқармасының бас­шысы Әсет Қалиевке ескерту жасады.

Айтпақшы, денсаулық сақ­тау басқармасының жаңа бас­шысы Әсет Қалиевтың бұл көп­шілік алдында облыс әкі­мінен алып отырған алғашқы ес­кертуі. Басқарманы басқарған Марат Жұманқұлов өз еркімен қызметтен кеткеннен кейін енді коронавирустың болжамды екін­ші толқынына да­йындықты пы­сықтау жаңа бас­шыға жүк­теліп отыр. Әйтеуір Әсет Әскербек­ұлы «СЭС»-тен сескенбей, керек жерде  «жүнін қомпайтады»  деп сенеміз.

 

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 

 

 
Тегтер: «СҚ-Фармация» ЖШСБердібек Сапарбаевқызмет сапасысапаСЭСтауар
Алдыңғы жаңалық

Кішкентай қыз Көктөбеде қолтырауынмен серуендеп жүр (видео)

Келесі жаңалық

Депутат онлайн-отырыста ашынасының кеудесінен сүйіп алыпты (видео)

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»