Тәртіпсіз тик-ток
Тәртіпсіз тик-ток
229
оқылды
Адамдар бар, адамдар, ара­сында надандар демекші, әлеу­меттік желде жасырынып алып, жынданатын, есуас сөздер айта­тын, тілдерін безейтіндер, оны айтасыз, Алаш арыстарын ма­зақтайтындар көбейді. Міне, қараңыз, екі жігіт әңгімелесіп, ұялы телефондарына үңіліп отыр. –Мынаны қара! Тырдай қыз! –Күшті билейді екен, ә? –Бөксесін айтсаңшы, бөксе­сін! –Туфли киген өкшесін айт­саңшы, өкшесін! –Белін үзіп тастайтындай жіңішке екен! Өзі керемет сұлу! Одан әрі екеуінің дауыстары қаттырақ шықты. –Мына қыз тоңқайып, не іс­теп тұр? –Қазір сальдо жасайды. –Жооқ, фигурасын көрсетіп тұр... Осындай ұятсыз бейнелер әлеу­меттік желідегі «Тик-ток» қо­сымшасында өріп жүр, оларды жасөспірімдер де, кәрі-құртаңдар да көріп жүр. Жарайды, мұндай ұятсыз порноларға таң қал­майтын болдық дейік, қараңыз: –Мәссаған, Ахмет Бай­тұрсынов пен Әлихан Бөкей­хановты «тірілітіп» қойыпты! –Бастарын қалай–қалай қи­саңдатады десеңші? –Мульти жан бітіріпті! –Ха-ха-ха! Жан бітіріпті! –Жындылар сияқты қи­мылдайды, ә? Мұны қойшы, бұдан да сорақысын көресіз! Қазағымыздың қаймағы, Ұлы ақын Абай Құнан­баевта нелері бар десеңші?  Бұл дегеніңіз, барып тұрған на­дандық емес пе? –Қарашы, Абай Құнанбаев! –Өләә, билеп жатыр! –Кім? –Абай Құнанбаев! –Қане, көрсетші? –Міне! –Күшті билетіп қойған, ә? –Абай атамыз түнгі клубта жүрген сияқты екен! Тәртіпсіз «Тик-токшылар» небір сорақылықтарға барған. Фейк аты-жөндерімен қар­уланған тик-токшылардың  артында кімдер тұр? Әшейінде  әлеуметтік желіде демократтық жазбалардың авторларын итпен іздеп тауып алатын құқық қорғаушылар осындай оспадар ойыншыларды неге тауып алып, жазаламасқа? –Тик ток көрейікші? –Көрейік! –Мәссаған, үкімет бас­шыларын, белгілі шенеуніктерді қатар тізіп, билетіп қойыпты! –Бастары жұлынып, бөлек билеп жүр ғой? –Араларында Путин неғып жүр?  –Қазақты қазақ мазақтап жатқандай? Ия, заманның дамығанын құптаймыз, ал бірақ мынадай сорақылықтардан ше, ештеңе ұтпаймыз! Ешкім қарсы шық­паған соң, желі жүгермектері ойларына келгендерін жасауда.  Ұлы тұлғаларды бұлай мазақ етуге жол бермеу керек! Ер­теректе естеріңізде ме, Пушкин мен Құрманғазы бабамызды сүйістіргендер де табылған еді ғой? «Әй, әй!» дедік те қойдық.  Қысқасы, мынадай мазақ­таулардан әбден тойдық!  

Жебе САДАҚҰЛЫ