Мұндай ақпарат Австралияның стратегиялық саясат институтының сайтында хабарланды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылман халықтарының қуғын-сүргінге ұшыраған өкілдері орналасқан 380-нен астам нысан бар екен.
Зерттеу нәтижесінде Шыңжаңдағы сайттардың әлемдегі ең толық мәліметтер базасы жасалды. Олардың ішінде 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «қайта тәрбиелеу лагерлері» деп аталатын тергеу изоляторлары мен түрмелері есесепке алынды. Сонда олардың саны 400-ге жетті.Қытайда «қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы» деп аталатын ұйғырлар мен басқа мұсылмандарға арналған лагерьлер саны мүлдем азаймай, керісінше көбейіп жатқанын зерттеу дәлелдейтіні атап өтілді.