Аяғы ауыр әйел күйеуін жыртқыштың аузынан құтқарып қалды
Аяғы ауыр әйел күйеуін жыртқыштың аузынан құтқарып қалды
159
оқылды

Оқиға АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы Флорида-Кис архипелагының маңында болды.

The Miami Herald мәлімдеуінше, 30 жастағы Эндрю Эдди әйелі Маргот Дюкеспен және оның отбасымен бірге қайықпен серуенге шыққан. Сонда ер адам жүзуге арналған маскамен сүңгімекші болып суға секіріп кеткен. Сол мезетте ер-азаматтың иығынан 2,7 метрлік акула бас салған.

Акуланың арқасын көріп, оның қанға боялғанын байқаған келіншек бірден суға секілген. Марготтың аяғы ауыр. Ол күйеуін жыртқыштың аузынан жұлып алып, қайыққа алып шыққан. [caption id="attachment_75231" align="alignnone" width="800"]әйел ©Сурет инетрнеттен алынды[/caption] Ауыр жарақаттанған ер-азамат бірден ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Әзірге жағдайы белгісіз. Әйелі дін аман.