BaigeNews.kz хабарлауынша, кішкентай қыз қорықпастан қолтырауынға қарғыбау тағып алып, Көктөбеде серуендеп жүріпті. Оқиға 16 қыркүйек күні болыпты. Оның бұл қылығын көрген жұрт таңырқаумен болды.
Сөйтсе, қолтырауын сол жердегі фотографтардыкі екен. Елге зияны тимеу үшін олар қолтыраунның аузын скочпен байлап тастаған.Куәгерлердің бірі «Сақтық үшін бұл да дұрыс шығар. Иесінен сұрағанымда, қолтырауынның тұратын жерін ыңғайластырып жатыр екен» деді Максим Виноградов. [embed]https://youtu.be/pMUMuEbPfGg[/embed]