Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен айқасты.
Sports.kz мәлімдегендей, аралық салмақтағы жекпе-жек Хамитовтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. Ол бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл - Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 19-шы және соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңісі. [embed]https://youtu.be/OOyclplM1fI[/embed] Ал Ахмад- Хан Боков ММА-да бесінші рет сүрінді. Fight Nights Global-дың YouTube ресми каналында жекпе-жектің толық нұсқасы көрсетілді.32 жасар қазақстандық 2019 жылдың сәуір айында әзербайжандық Нариман Аббасовтан (24-3) жеңіліс тапқаннан кейін рингке шықпаған. Хамитовтың соңғы жеңісі - 2016 жылдың 16 желтоқсанында болды. Ол сабмишнмен үшінші раундта ресейлік Гаджи Рабадановты жеңді (14-3-1). Осыдан кейін Қуат 2017 жылы ирландиялық Питер Куиллиден (12-5-1) басым түскен. Кейіннен бұл жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралып, екеуі тең түсті делінді