Дихандар техникамен қамтамасыз етіледі
Дихандар техникамен қамтамасыз етіледі
118
оқылды
Биылғы жылдың егін орағы да мәресіне жақындап келеді. Егін орағының ойдағыдай өтуіне көптеген ұйымдар өздерінің үлестерін қосқандығын осындайда атап өткен орынды. Осындай ұйымдардың қатарында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының да бар екендігін атап өткен орынды.
Аталған қоғам негізінен дихандарды ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Мысалы, 2020 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 82,9 миллиард теңге сомасына (4662 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы) қаржы лизингі шартын жасасты. Жалпы, биылғы жылы 432 комбайн, 4230 бірлік басқа да техника сатып алуды қаржыландырды.
Ал өткен жылы аталған қоғам 98,5 миллиард теңге сомасына 5,9 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырды. Қоғамға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жаңа техника сатып алуға әлі де болса өтінімдер түсуде. Дихандарға қолұшын созып, мүмкіндігінше олардың өтінімдерін орындауды және сол арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысуды акционерлік қоғам қызметкерлері өздерінің абыройлы міндеті санайды.