2035 жылдан бастап жанар-жағар май сатуға тыйым салынбақшы
2035 жылдан бастап жанар-жағар май сатуға тыйым салынбақшы
135
оқылды
АҚШ-тың ең бай штаттарының бірі Калифорния билігі 2035 жылы жанар-жағар майдан бас тартпақшы.
Енді олар бензинмен немесе дизель отынымен жұмыс істейтін классикалық қондырғылармен жабдықталған көліктерді сатуға тыйым салмақ. Штат тұрғындары тек электромобильмен жүрмекші.
Олардың айынша, Калифорнияда атмосфераға зиянды шығындының 50%-дан астамы көліктен келеді екен. Сондықтан қоршаған ортаны сақтау үшін мемлекет ауа тазалығын сақтау мақсатында бірқатар ереже енгізіпті.
Соның арасында 2035 жылы ішкі қыздыру қозғалтқышымен жабдықталған жеңіл көлікке, ал тағы 10 жылдан кейін – 2045 жылы қозғалтқышы бензинмен немесе дизель отымен жүретін орташа және ауыр жүк көліктеріне тыйым салына бастайды екен.
Оның үстіне, жаңа ережеге сәйкес бұрын сатып алынған ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерді пайдалануға бола береді. Енді ондайды тек екінші деігейлі нарықта сатып ала алады.