Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбайдың қазақ рухани кеңістігінде өз мәнері бар қаламгер екенін көпшілік қауым жақсы біледі.
Руханият саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясы президиумының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі №292 шешімімен И.Бунин атындағы Күміс медальмен марапатталды.
Әріптесіміз қол жеткізген жетістікке құтты болсын айта отырып, алдағы еңбегіне табыс, отбасына амандық-саулық, береке-бірлік тілейміз!