Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты
102
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.