Азамат жалға алған автокөлігін сатып жіберген
Азамат жалға алған автокөлігін сатып жіберген
86
оқылды
Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, 27 жастағы азаматм компаниямен автокөлікті жалға алу туралы келісімшарт жасасқан. Шарт бойынша ол көлікті 23 қыркүйек күні қайтаруы тиіс еді. Алайда ол сол күйі хабарсыз кеткен. Содан компания басшылығы аталған оқиға бойынша полицияға арызданған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары қарағандылық жігітті тапты. Ер адам жалға алған автокөлікті алты күн бұрын Нұр-Сұлтан тұрғынына сатып жіберіпті. "ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады полиция өкілдері.