Димаштың бейнеклиптері түрік телеарнасынан көрсетілуде
Димаштың бейнеклиптері түрік телеарнасынан көрсетілуде
123
оқылды
Түркияның TMB атты музыкалық телеарнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсете бастады.
«Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт!» деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.
Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі. «Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00-14:00-17:00 және түнгі 23:00 шамасында» деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты. Еске сала кетейік, біз бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті алғаш рет Кубаның «Canal Clave» телеарнасынан көрсетілген еді.