13 жастағы балаға халықаралық іздеу жарияланды

13 жастағы балаға халықаралық іздеу жарияланды

Анасының айтуынша, Илья Пилпани – қазақстандық азамат.

Ол Алматыдан әкесінің туыстарына қысты өткізуге барған.  Бірақ пандемияның кесірінен көктемде еліне қайта алмай қалды.
Бала 18 шілде күні үйден велосипед теуіп шығып кеткен. Содан бері ол жайында хабар жоқ. Оны соңғы рет тек Ленджери ауылында көріпті. Грузияға баласын іздеп барған анасы Ильяны халықаралық іздеуге салуды сұраған екен. «Сұрауымды қабылдады. Қазір баламызды Интерпол іздестіруде» дейді Ксения Пилпани.