Қайын атасының атынан 6 несие алған
Қайын атасының атынан 6 несие алған
Осы жылдың тамыз айында ақтөбелік азамат Полицияға шағымданып келген. 
47 жастағы азаматтың айтуынша, оның атынан біреу 6 несие рәсімдеп тастаған. Интернет арқылы рәсімделген несие әртүрлі микронесиелік ұйымдардан алыныпты.
Тергеу барысында күдікті әлгі азаматтың 24 жастағы күйеу баласы болып шықты. «Қайын атасының куәлігін тауып алған ол, соның атынан бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Артынан атасының төлем картасын ұрлап, бүкіл ақшаны шешіп алған» деп жауап берді полиция басқармасы. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.