COVID-19 жұқтырғандарды иттер анықтай алатын болды
COVID-19 жұқтырғандарды иттер анықтай алатын болды
167
оқылды
Финляндияның астанасы Хельсинки әуежайында иттер коронавирус жұқтырған жолаушыларды анықтауда. Әуежай директоры Улл Летижефтің айтуынша, елге келгендер мұндай сынақтан өз еркімен өте алады: олар бетін қағаз сүлгімен сүртіп, кейін оны шыны аяққа салып, қызметтік итке иіскеуге береді. Иттерді үйреткен кинологтардың мәлімдеуінше, олар ағзада COVID-19 бар-жоғын 10 секунд ішінде дәл тауып берді. Тест оң нәтиже берсе, жолаушылар одан әрі тексеруге арнайы ақпараттық тірекке жіберіледі.