Мүгедектік зейнетақыны шығарып беремін деп алдап, ақша алған
Мүгедектік зейнетақыны шығарып беремін деп алдап, ақша алған
139
оқылды
Рolisia.kz-тің хабарлауынша, ол қылмыскерді Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген. Негізі сол бөлімшеге бұған дейін “102” сымтетігіне апалы-сіңлілер хабарласып шағымданған болатын.
Айтуынша, олардың таныс келіншек “мүгедектік бойынша зейнетақыға шығарып беремін” деп алдап, алаяқтық жолмен бірінен 135 мың теңге, екіншісін – 270 мың теңге алыпты. 
Аталған жайт, Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1986 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды әрі негізді процестік шешім қабылданады.