Ирактағы наразылықтан 65 адам қаза тапты
Ирактағы наразылықтан 65 адам қаза тапты
76
оқылды

Ирактағы үш күнге жалғасқан наразылық салдарынан 65 адам қаза тапты.

Наразылық Бағдадта басталып, өзге де провинцияларда жалғасты. Шерушілер үкіметтің отставкасын, өмір сүру жағдайының жақсаруын, денсаулық сақтау, білім,еңбек нарығының қалыпқа келіп, жемқорлыққа жол берілмеуді талап етуде.

Билік болса сәрсенбіден жұмаға дейін ел аумағындағы Интернет байланысты өшіріп тастады.

Ирак шииіттерінің лидері, «Саирун» парламенттік блогының басшысы Муктада ас-Садр да үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, елде кезектен тыс сайлау өткізу керек деп үндеу тастады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш халық пен билікті өзара диалогқа шақырды.