Зейнеткер ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Зейнеткер ұрлық жасады деген күдікке ілінді
117
оқылды
Ол телефон ұрлады деген күдікпен ұсталды.  Полиция департаментінің баспасөз қызметіннің хабарлауынша, ол телефонды кафеден ұрлап кеткен.
Тергеушілердің болжауынша, ер адам кафеде отырған отбасының үстелге ұялы телефондар қойғанын көріп қалған. Осыны ол пайдаланып, шығар жолда өзімен бірге жалпы құны 150 мың теңге болатын екі смартфонды алып кеткен.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол бұрын да ұрлық үшін сотталған екен. Ұрланған телефондар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Сот алды тергеу жүріп жатыр, зейнеткер кінәсін мойындады.