Стамбұлдағы көшелердің біріне Абайдың есімі берілді
Стамбұлдағы көшелердің біріне Абайдың есімі берілді
132
оқылды
Анадолыда Абай жылы аясында айтулы іс-шаралар басталды. Жергілікті қазақ зиялылары Зейтинбұрну ауданында ақынды ұлықтай бастады. Осының аясында таяуда қазақ диаспорасы өкілдері бас қосып, бірқатар мәселені талқыға салынды.
Стамбұлдағы елшілік мұрындық болған игі шара аясында Анадолыға өткен ғасырдың 50-жылдары қоныс аударған қандастардың ұрпақтары бас қосты. Жиын барысында біраз шаралар сарапталып, алдағы жоспар таразыланды. Соның арасында биыл Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының болмысын жастар арасында насихаттауға баса мән берілмекші.
Әсіресе, Түркияның түкпір-түкпірінде алып ақынымыздың ардақты есімін еншілеген көшелер бар. Бірнеше қалада ақын бюсті мен саябағы ашылған. Стамбұлдағы орта білім ошақтарының бірі – Абай Құнанбайұлы атында. Жуырда осы шаһардың даңғылының біріне Хакім Абайдың есімі берілмекші. Мұнымен сабақтас, жүздесуде диаспора өкілдері үшін ұйымдастырылған қазақ тілі курсының өрісі кеңейтілетін болады.