Бойжеткеннің тамақ ішпей, аузына нәр алмағанына 1 жыл болыпты
Бойжеткеннің тамақ ішпей, аузына нәр алмағанына 1 жыл болыпты
137
оқылды
Британдық Кеттерингтің тұрғыны, 20 жастағы Лорен бір жыл бойы тамақ ішпей, дәм татпаған екен. Өйткені ол аллергияның ауыр түріне шалдығыпты. Оның барлық тағамға аллергиясы бар екен. Тіпті тамақтың иісін сезіп қалса, анафилактикалық шокқа түседі екен.
Daily Star басылымы жариялағандай, адам бойындағы жасушаның күлдірлеп, қозғалып, жұмыс істей бастауынан иммундық жүйесі жойылуда. Ондайда кез келген заттан аллергиялық реакция қозып шыға келеді. Мұндай дертке шалдыққандар өте сирек екен.
Лореннің айтуынша, тамаққа деген аллергиясы бастапқыда білінбеген. «Тек тауық, күріш, картоп, сәбіз және брокколиді бір жылдай аузыма алмадым. Жесем болды, алларгия шыға келетін. Артынан бүкіл тағамға аллергиям қозды» дейді ол.
 Сол кезде дәрігерлер қыздың тамақтануына мүмкіндік жасап, асқазанына түтік орнатты. Алайда ол да ағзаға жақпай, аллергияны қоздырып жіберген. Содан мамандар бірден жүрекке өтетін түтікті орнатты. Міне, содан бері Лорен аузына дәм алмаған.
Бойжеткен жақында дертін емдейтін дәріге тапсырыс беріп, Америкадан келуін күтіп отыр. Оның ендігі арманы – дәрінің көмегі тиіп, аңсап жүрген тағамын аузына алып, дәмін татып көру.