Ұлттық зерттеу мәртебесі берілуі – ұжымның жетістігі
Ұлттық зерттеу мәртебесі берілуі – ұжымның жетістігі
177
оқылды
Ректор университеттің өткен оқу жылына шолу жасап, ғылыми-инновациялық, қаржылық-шаруашылық, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде есебін баяндап, оқу орнын әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде ары қарай стратегиялық дамыту бағыттарын атап өтті. Оқу орны басшысы Үкімет қаулысымен университетке ұлттық зерттеу мәртебесі берілуі – ұжымның жетістігі және отандық аграрлық білім мен ғылымға жүктелген үлкен жауапкершілік деп атап өтті.
«Әлем тәжірибесінде зерттеу университетін құрудың үш жолы қарастырылған. Бірінші – озық университеттерді қолдау, екінші – бір бағыттағы бірнеше белді университетті қосып, ірілендіру, үшінші – әлем талаптарына сай жаңа инновациялық университет құру. Біздің университет бірінші жолды ұстанады. Зерттеу университеттерінің табысты дамуының негізгі үш факторы бар: талантты ғалымдарды тарту, қажетті ресурстарды шоғырландыру және тиімді менеджментті қолдану.
зерттеуОсы мақсатта 2010 жылдан бастап, біз жобалық басқарудың халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының 15 сарапшысымен бірлесіп Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануды жүргіздік. Инновациялық технологияларды, жаңа білім мен ғылымды тарту және бейімдеу – зерттеу университеттерінің басты бағыты. Мысалы, QS әлемдік рейтингінде №1 орын алатын Вагенинген (Нидерланды) зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алдық. Өткен жылы университет жанынан «Вагенинген-Қазақстан» институтын аштық. Бүгінде біз 100 білімгерді екі білім беру бағдарламасы негізінде – «Өсімдіктер туралы ғылым мен технологиялар», «Ветеринариялық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиялары» бойынша оқытудамыз» деді университет басшысы. Тілектес Исабайұлының айтуынша, ҚазҰАЗУ АҚШ, Еуропа және Тынық мұхиты елдерінің жетекші серіктес университеттерімен 11 қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыруда. Қажетті ресурстарды университетте шоғырландыру мақсатында мамандандырылған кафедралардың жанында 49 заманауи зертхана ашылды. Сонымен қатар университетте нақты жобаларға негізделген 18 халықаралық зерттеу орталығы жұмыс істейді.
Мысалы, АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігімен (USDA) бірлесіп, халықаралық Агротехнологиялық хаб ашылды. Азия Даму Банкінің және Мичиган университетінің қолдауымен халықаралық ииновациялық Су хабы құрылды. Австралияның Вакцин биотехнологиялық компаниясының қолдауымен және АҚШ-тың Огайо штаты университетімен бірлесіп Халықаралық Вакцинологиялық зерттеу орталығы ашылды. Сонымен қатар университеттегі Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея, Қазақстан-Беларус тағы басқа орталықтарда ғылыми бағытта тиімді жұмыстар атқарылуда.
«Университетте тиімді менеджментті қолдану мақсатында басқарудың корпоративтік моделі енгізілді: адамдар-процестер-технологиялар. Персонал қызметінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған кадр саясаты (KPI) үнемі жетілдіріліп отырады. Адам ресурстарын дамыту басқармасы (HR) құрылды. Университетіміздің зерттеу мәртебесінде ары қарай дамуы 2021-2024 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің даму бағдарламасына енгізілді» деді ректор. Өткен жылдың нәтижесі бойынша университет ғалымдары 800-ден астам ғылыми мақалалар шығарып, Томсон Ройтерс және Скопус базасына енді. Университет Веб оф Саинс қортындысы бойынша ТМД елдерінің арасында ғылым көшбасшысы. Университет балтыр QS әлемдік үздік жоғары оқу орындары рейтингінде 60 сатыға көтеріліп, 591-орынға ие болды. Алдағы мақсат – 2024 жылға қарай QS-400 рейтингімен әлемдік деңгейдегі университетке айналу.
Оnline есеп беру кездесуінде Ауыл шауашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Жоғары оқу орындары кеңесінің төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік унитверситетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары кеңесі төрағасының орынбасары, Ресей мемлекеттік жерге орналастыру университетінің ректоры Сергей Волков, Жобалық менеджерлер одағының президенті Алексей Цеховой, Алматы қаласы, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев сынды азаматтар тікелей байланысқа қосылып, оқу орнында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға оң баға беріп,  ҚазҰАУ-дың зерттеу университеті мәртебесін алуымен құттықтады.
Оnline байланысқа қосылғандар өз сұрақтарын қойып, университет басшысы тұшымды жауаптарын берді.