Қазақстанның 6 облысында үсік жүреді

Қазақстанның 6 облысында үсік жүреді

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды деп хабарлайды aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Тек қана шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні – 15-25 м/с-ке дейін жетіп, шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінле тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.