Таулы Қарабақтағы жағдайға байланыс БҰҰ мәлімдеме жасады
Таулы Қарабақтағы жағдайға байланыс БҰҰ мәлімдеме жасады
135
оқылды

Бұл туралы aikyn.kz тілшісі БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Антониу Гуттериш Таулы Қарабақтағы әскери күрестің қайта басталғанына алаңдаулы екенін мәлімдеді. Ол қақтығыстан қарапайым тұрғындардың зардап шегіп жатқанына алаңдаулы.

«БҰҰ бас хатшысы екі тарапты дереу әскери қақтығысты тоқтатып, өзара бейбіт келісім жасау үшін келіссөзге шақырды» делінген Гуттериштің атынан БҰҰ баспасөз хатшысы жариялаған мәлімдемеде.

«Қазақпараттың» жазуынша, Антониу Гуттериш ЕҚЫҰ-ның Минск тобының төрағаларының рөлінің маңызды екенін атап өтіп, олардың жұмысын қолдайтынын мәлімдеді. Ол екі тарапты «ешқандай күш қолданбай дереу келіссөз жүргізу» мақсатында серіктестікке шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.