Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі мәлімдемесі және кездесудің видеосы жария болды (видео)
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі мәлімдемесі және кездесудің видеосы жария болды (видео)

Деревянченко реванш жекпе-жекке шығуға қарсы емес

Бүгін, 6 қазан күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. 

Осылайша, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын қайтарып алды. Бұл Генаның карьерасындағы 40-ы жеңісі

«Қарсыласыма ерекше алғыс білдіремін. Оның командасы мықты. Бірінші раундтан кейін кездесудің ауырға түсетінін білдім. Мен үшін бүгін соншалықты сәтті күн болмағанын сезінемін. Аздап фокус жоғалтып алдым. Ол өте керемет мықтылық көрсетті. Мен онымен қарымта жекпе-жекке шығуға да әзірмін. Бұл фанаттар мен DAZN үшін ғажайып кездесу болар еді. Мен барлығы үшін ашықпын. 37 жасымда мен көп еңбектенуге тиіспін» деді Головкин. 

Деревянченко да реванш жекпе-жекке шығуға қарсы емес екен. 

«Өзімді жақсы сезінемін. Командама, барша украиндықтарға, мені қолдап келгендерге рахмет айтамын. Қабағымның жарылып қалуы кедергі келтірді. Кейде көрмей қалып жаттым. Көзімді қан жуып кеткен кезде ол мені қапталдағы соққылармен ұрды. Қозғалған кезде оған кеңістік беріп қойып жаттым. Бірақ менің де шабуылдарым сәтті шықты. 

Мен ногдаунға ұластырған соққыны көрмей қалдым. Төмен қарап қалған сәтімде шүйдемнен оңдырмай ұрып жіберді. Бірақ мен орнымнан көтеріліп, жекпе-жекті жалғастырдым. Соншалықты қорқыныш болған жоқ. Егер мүмкін болса реваншқа шығар едім. Мен дайынмын» дейді Сергей. 

https://youtu.be/kAZNPzGZ0dE