Елбасы Түркістанға барды
Елбасы Түркістанға барды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Қазақстан Тұңғыш Президентінің тарихи шешімі шежірелі шаһардың дамуына тың серпін берді. Сапар барысында қаланың бірқатар жаңа нысандарын аралау жоспарланып отыр», – деп жазды ол.