Әлі күнге дейін КСРО-ның төлқұжатымен жүргендер бар
Әлі күнге дейін КСРО-ның төлқұжатымен жүргендер бар
133
оқылды

ІІМ Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 8 айда елімізде бұрынғы КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталды.

ІІМ Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бастығы, полиция полковнигі Сабыржан Сейтжановтың айтуынша, құжатсыз жүргендер жаңа төлқұжат алуды құнттамаған.

«Әр аймақты құжатсыз жүрген адамдар анықталып жатыр. Осыған орай министріміздің тікелей тапсырмасымен биыл арнайы акция ұйымдастырып жатырмыз. Статистикаға көз салар болсақ, 2019 жылы «қызыл төлқұжатпен» (КСРО төлқұжаты) жүрген 1 727 адам құжаттандырылды. Биыл 8 айда 867 адам анықталып, жаңа құжатын алды», – деді Сабыржан Сейтжанов.

Оның айтуынша, Қостанай облысында ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтап, көмек көрсеткен. Ол сондай-ақ Қарағанды, Алматы облыстарында мүлдем жеке куәлік алмаған адамдардың да бары анықталғанын айтты.