Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парашасында: «Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза және Оралхан Бөкейдің туған күні», – деп жазды.
Оның айтуынша, жазушылардың мұрасын дәріптеу – басты міндет.Біз бұған дейін Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейдің туған күні жайында жазған болатынбыз.«Қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерағаңды және «Алтайдың Кербұғысы» атанған Оралханды міндетті түрде оқу керек дер едім. Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз. Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырағы торқа болсын!», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.