«Қоңырау»  фильміне түскен актриса қайтыс болды
«Қоңырау»  фильміне түскен актриса қайтыс болды
126
оқылды
1998 жылдан бері  «Қоңырау»  фильміне түскен жапондық актриса Юко Такэути өлі күйінде табылды, - деп жазады The Japan Times.  Актрисаны 35 жастағы күйеуі актер Таики Накабаяши өз пәтерлерінде жатын бөлмеден өлі күйінде тауып алған. Ауруханаға апарғанмен дәрігерлер актрисаның қайтыс болғанын айтқан. Такэути 40 жаста болған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдын ала болжамы бойынша әйел өз-өзіне қол салған. Актриса өлімі алдында хат жазып қалдырмаған. Юко Такэути Хидэо Накатваның «Қоңырау»  фильмінде алғашқы құрбандардың бірін сомдаған. Сондай-ақ ол  «Быть с вами» фильмі мен «Мисс Шерлок» телетоптамасында бас кейіпкерлердің рөлін ойнаған. Актриса Жапония киноакадемиясының 2004-2007 жылдары шыққан картиналары үшін "Бас жоспардағы үздік актриса" номинациясында марапаттарға ие болған.