Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық салымшылардың 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша қаражат жинағанын жариялады. БЖЗҚ мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар. 5 615 939 – ер, 5 254 671 – әйел адам салымшы. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 040 миллиард 032 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі.
- 5 906 632 адам – 500 мың теңгеге дейін;
- 1 590 837 адам – 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін;
- 2 348 114 адам – 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін;
- 634 188 адам – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін;
- 238 931 адам – 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін;
- 151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие.