Нидерланды есірткімен байланысты Голландия атауынан бас тартты
Нидерланды есірткімен байланысты Голландия атауынан бас тартты
5,115
оқылды

РИА Новостидің жазуынша, Нидерланды үкіметі Голландия атауынан бас тартпақ.

Ел билігі мемлекеттің бейнесін жаңарту керегін айтты. Өйткені шетелден келетін туристер Голландия атауын, негізінен, есірткімен байланыстырады. Adformatie-нің жазуынша, мемлекеттік жаңа бет-бейнесі Нидерланды атауымен қайта танылады. Мәселен, халықаралық жарыстар, мәдени іс-шаралар «Евровидение — 2020» байқауы, Токио Олдимпиадасы және т.б.