Алматы мен Ұлан-Батыр арасында жаңа әуе рейсі ашылды
Алматы мен Ұлан-Батыр арасында жаңа әуе рейсі ашылды
126
оқылды
Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жиында жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды. 28 қыркүйекте «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты ұшу жиілігі белгіленеді.