Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға коронавирус пандемиясы жағдайында қалай қорғану керектігі жөнінде кеңес берді.
"Өзім ауырып жазылдым. Ешкімнің ауырғанын қаламаймын. Сондықтан бетпердені шешпеңіздер, шынтақпен амандасыңыздар. Үнемі бетті жауып жүру ыңғайсыз екені түсінікті. Десе де, әркім өзін қорғауы тиіс. Мен ауырған кезде еліміздің түкпір-түкпірінен тілек толы хаттар алдым, ақ тілектеріңізге рахмет. Менің ойымша, пандемия аяқталады. Қазір барлық жерде вакцина әзірленіп жатыр", - деді Елбасы журналистермен кездесуде.Еске сала кетейік, бүгін Елбасы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды.