Қазақстандық баланы қағып кеткендіктен Оңтүстік Корея иммигранттарға қатысты заңды күшейтті
Қазақстандық баланы қағып кеткендіктен Оңтүстік Корея иммигранттарға қатысты заңды күшейтті
156
оқылды

Заңсыз келетін иммигранттар үшін Оңтүстік Корея ел аумағынан шығуға қатысты заңға түзетулер енгізбек. Бұл туралы The Korea Times хабарлайды. Енді олар ел аумағын тәрк етпестен 15 күн бұрын барып ескертіп, иммиграциялық орталыққа барып, тексерістен өтулері тиіс.

Миграциялық заңнамаға өзгерістер енгізуге Чханвонда 20 жастағы қазақстандық жеті жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытуы себеп болды.

Қазақстандық жасаған жол апатына дейін онда заңсыз жүрген отандастар үкіметке ескертпей ел аумағынан шығып кете алатын еді.

Әділет министрлігі енді арнайы ескертусіз иммигранттар ел аумағынан шыға алмайтынын ескертті.

Жаңа заң 14 қазанда күшіне енеді.

Еске салсақ 18 қыркүйекте 20 жастағы қазақстандық дүкеннен қайтып келе жатқан 7 жастағы баланы көлігімен қағып кетеді. Автокөлік жол апатына жақын жерден табылды. Баланың әкесі күдікті апаттан кейін Инчхон әуежайы арқылы ұшып кеткенін хабарлаған еді.